Сегіз баланың анасы хәл үстінде жатыр

0
409

Оңтүстік Қазақстан облысында 8 баланың анасы хәл үстінде жатыр. 34 жастағы алтын алқа иегері Гүлшат Вафаева омыртқасында ісігі барын екі ай бұрын білген деп хабарлайды КТК арнасы.

dfgfh

Шиеттей бала-шағаның анасы аудандық емханадан бастап, облыстағы мекемелерге қаралса да сырқатына дауа таппаған. Тұрмысы нашар отбасы туған-туыстан қарыз алып, үйін кепілге қойған ақшамен ота да жасатыпты. Бірақ ісік қайта жайлап, енді тағы шұғыл операция қажет. Ал, көпбалалы әйелдің ол тұрмақ, дәруменге де ақшасы жоқ.

Омыртқасына ота жасалған әйел аяқтарын сезбейді. Аудандық дәрігерлерден бастап, облыс тіпті Ташкентке дейін барып қаралған. Омыртқасында ісігі, ал қолында мұны дәлелдейтін 4 томография суреті бар. Онымен Гүлшат тегін ота жасату үшін  нейрохирургке барған екен. Тек, облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының дәрігері мемлекеттік емес, жеке клиниканың қағазын әкел деп бәлсініпті.

“Нейрохирург Файзахметовке алып барғанда өзіміздің Шымкентте түскен диагностикалық центрдің қағазын көрдідағы столға лақтырып жіберді. Бұл болмайды. Құжатты жекеменшік клиникадан алып келесің. Сосын ғана қараймын деді. Ақылыға жағдайым жоқ десем, енді маған неңді айтасың деп қайтарды”, – дейді Қазығұрт ауданының тұрғыны Гүлшат Вафаева.

Мемлекеттік квотадан күдерін үзген күйеуі таныс-тамырдан қарыз алып, үйін кепілге қойған ақшаға Ташкентте ота жасатыпты

Мемлекеттік квотадан күдерін үзген күйеуі таныс-тамырдан қарыз алып, үйін кепілге қойған ақшаға Ташкентте ота жасатыпты. Жарты миллион теңге қарызы бар әйелдің енді дәрумен алуға да қаржысы жоқ.

“Кірісіміз өкіметтен беріп жатқан алтын алқа бойынша 12 мың 600 теңге аламын. 3 айда балаларға төленетін 44 мың теңге жәрдем бар. Күйеуім тұрақты еш жерде жұмысы жоқ. Құрылыс, қай жерде жұмыс шықса сол жаққа барады”, – дейді Гүлшат Вафаева.

Үлкені 12-ге енді толған 8 бала болса орнынан қозғала алмай жатқан анасының қас-қабағына қарап әуре. Күйеуі күндіз-түні қаражат іздеп жүргенде, Гүлшаттың бар сүйенері балалары.

Қайта күнделікті бала шағаның сүті мен нанын көршілері беріп жүр. Ал, ем-домсыз жағдайы күніге нашарлап бара жатқанын аудандық дәрігерлер білсе де, қол қусырып отыр.

“Қазіргі таңда науқасқа егерде мүгедектікке шығу керектігі болса біз оны науқасты бірінші дәреже бойынша 4 ай бақылауда емдейміз. Егер де керек болса уақытында МСЕК-ке жібереміз”, – деп отыр Қазығұрт аудандық емханасының бөлім меңгерушісі Перизат Есіркепова.

Белінің бірнеше жерінен тағы ісік табылған Гүлшатты алда тағы бір операция күтіп тұр. Алайда, 8 баланың анасы оған қаржыны қайдан аларын білмейді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз