Астана әлемдегі “ең біртүрлі” елорда

0
559

Ағылшынның The Guardian басылымы Қазақстанның астанасы туралы мақала жариялады. Материалда бүгінгі Астананың қалай пайда болғаны жазылған.

астана

Бұл туралы Bnews.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Астанадағы керемет ғимараттар жоқтан пайда болған сияқты. Кең даланың қақ ортасында кеңес кезінен жаңа заманға сенімді қадам басқан жаңа қала пайда болды», – деп жазады басылым.

«Қазақстанның аумағы бүкіл Батыс Еуропаның территориясымен тең. Ал Қазақстанның елордасы Астана әдемілігмен көз тартып, суперзаманауи және постмодернистік ғимараттарымен мақтанады», – делінген басылымда.

Мақала авторы «Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығына ерекше назар аударып, нысандағы жағажай құмының арнайы Мальдивтен әкелінгеніне назар аударған.

Сонымен қатар, материалда 2010 жылы құрылған Назарбаев Университеті туралы да айтылады. Автор бұл білім ордасында шетелдік академиктер мен профессорлардың дәріс оқитынын жазады.

«Астана – керемет елорда. Ол нөлден бастап салынды деп айтуға болады. Бұл қала кеңес кезіндегі өткен шақтан құтыла білді. Адамды қуаттандыратын, шабыттандыратын қала. Осыған қарап, оны тартымды әрі ең қызықты астана деп атауға болады», – делінген басылымда.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз