Шетелдіктер асырап алған балаларды ҚР СІМ-де есепке қою және шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілді

0
583

5

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 3 сәуір, Астана қаласы,  №11-1-2/130

Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларының» 41-тармағына сәйкес бұйырамын:

  1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
  2. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 08-1/31 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2264 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 25-26, 866-құжат);

2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 17 маусымдағы № 655 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 08-1/363 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4025 болып тіркелді, 2006 жылғы 1 ақпандағы № 28(24281) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

  1. Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы Р.ЖОШЫБАЕВ.

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ

2015 жылғы 9 сәуір

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н. ӘБІҚАЕВ

2015 жылғы 28 сәуір

Құжаттың қосымшасы ресми БАҚ-та жарияланды.

http://www.inform.kz/kaz/article/2801963

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз