АСТАНА. ҚазАқпарат – Үнді мұхитында Реюньон аралының жағалауынан ұшақтың бөлігі табылды, деп жазады Би-би-си.
Болжам бойынша, бұл Malaysia Airlines компаниясының Куала-Лумпур-Бейжің бағытында 2014 жылы 8 наурызда ұшып шығып, ұшты-күйлі жоғалған «Боинг 777» ұшағының сынығы.
Франция билігі арал маңын зерттеуге кіріскенін хабарлаған. Айта кетейік, бұл арал Францияның жері болып табылады.
2 метрлік сынықты тазалаушылар тауып алған. Олар темір бөлікті балдыр басып қалғанын айтқан, бұл оның су астында көптен бері жатқанын білдіреді.
Естеріңізге сала кетейік, ұшақ бортында 239 адам болған.
http://www.inform.kz/kaz/article/2801891