Селден зардап шеккендерге көмектесіп жүрген жапондықты белгісіз біреу тонап кетті

0
420

Алматыда селден зардап шеккендерге көмектесіп жүрген жапондықты белгісіз біреу тонап кетті. Ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы ұрлық құрбаны NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

IMG_0105

Yoshihiro Suzuki (Йошихиро Сузуки) Алматыдағы достарына қонаққа Жапония елінен келген. Одан әрі Швейцарияға ұшуды жоспарлаған ер кісі сел туралы ести салысымен, сапарын кейінге шегеріп, батпақтан көшелерді тазартуға көмектеспек болған.

“Мен адамдардың үйі батпақ астында қалғанын көріп, оларды тазарту үшін қолыма күрек алдым. Сол уақытта ұрылар досымның көлігінде жатқан сөмкемді ұрлап кетті. Ол жерде ақша, қарточкалар және мен үшін маңызды құжаттар мен паспорт болды”, – дейді шетелден келген қонақ.

Болған жайттан кейін Йошихиро елден ұшып кете алмай отыр. Алайда барлық құжаттарын қайта жасату үшін оған Токиоға қайту керек. Абырой болғанда Алматыда жапондықты өз үйіне тұрғызып, ақша жағынан көмек көрсететін досы бар.

“Қазір барлық полиция мен прокуратураға хабарласып жатырмыз. Оның құжаттарын табуға тырысудамыз. Карточкаларын бұғаттап тастадық. Ал бір жолға Жапонияға кіріп, Токиода құжатын қалпына келтіру үшін Астанаға ұшуына тура келеді”, – дейді Йошихироның досы Шыңғыс.

Зардап шеккен жапондық Наурызбай ауданы ІІБ-не арыз қалдырды. Ұрыны табу мүмкіндігі бар. Себебі ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Йошихиро болса Фукусимадағы апаттың өзінде ұрлық атымен болмағанын, керісінше көпшілік бір-бірін барынша қолдауға тырысқанын айтып отыр. Ал елімізге көмекке шыққан азаматтың өзі енді көмек сұрауға мәжбүр болып отыр.

Бірақ Йошихиро бір жайтқа бола Алматыға келмей қоймайтынын алға тартты. Шетелдік Алматының жайдарлы тұрғындары мен мәдениетін ұнатып қалған екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз