К.Мәсімов пен ХОК басшысы Т.Бах Олимпиада-2022 өткізілетін қаланы таңдау мәселесін талқылады

0
462
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Куала-Лумпурда ҚР Премьер-Министрі, Алматы-2022 өтінім ұйымдастыру комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бахпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.Сұхбат барысында тараптар алда болатын ХОК-нің 128-ші сессиясының күн тәртібін талқылады, онда 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өткізілетін қала анықталады.

Сондай-ақ К.Мәсімов пен Т.Бах халықаралық олимпиадалық қозғалыс дамуының және спорт саласындағы көпжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін қарады.

http://www.inform.kz/kaz/article/2802156

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз