Алматы ақ Олимпиаданың астанасы атана ма?

0
556

Бүгін 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы анықталады. Олимпиада өткізу құқығына Алматы мен Бейжің қалалары таласып жатыр деп жазады NUR.KZ.

олимпиада

Куала-Лумпурде өтетін қысқы Олимпиаданың астанасын анықтау салтанатынан KazSport арнасы тікелей трансляция жүргізбек. Бүгінде Серік Сәпиев, Владимир Смирнов, Денис Тен, Алексей Полторанин, Құралай Ұзырова бастаған спортшылар Халықаралық Олимпиада комитетінің 128-ші сессиясында Алматы қаласын таныстырмақ.

Бұдан бөлек, премьер-министр Кәрім Мәсімов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те Куала-Лумпурдегі ХОК сессиясына қатысады.

7b03118bb4528defb320e75b8d750bf4

“Алматыдағы сайыс­тардың, жоғарыда айтылғандардай, бір қаланың ғана аумағында өтетіні және оның барынша жинақылықты ұстанатыны сияқты ерекше сипаттарынан бөлек, климаты қысқы спорт түрлері сайыстарын өткізуге қолайлы. Сонымен бірге, бұл маңайда осыған керекті спорт ареналары, жарыс жолдары жеткілікті екені алдымен алға тартылады. Жасыратыны жоқ, аумағында қыс бола қоймайтын және өзінен бөлек тағы Чжанцзякоу деген қаланы қатарына қосып алып отырған Бейжіңмен салыстырғанда, мұның бәрінің әжептәуір салмақты уәж болып шығатынын ішіміз сезіп отыр. Бірақ бұдан бұрын да Олимпиада өткізіп үлгерген, оның өзін 2008 жылғы жазғы Ойындар тұрғысында жалаулатып, дүйім дүниені дүр сілкіндірген Қытай астанасына бүйректері бұрып кететіндер бұл жерде кем көрінбейді. Әйткенмен, бәрін бүгін бәрі шешіледі”, – деп жазады egemen.kz.

Халықаралық сарапшылар Олимпиаданы жеңіп алу құқығы Алматы мен Бейжіңде тең дәрежеде екенін айтуда.

Астана уақытымен 08:30-да Алматы қаласының таныстырылымы өтеді. Сағат 09:55-те қытайлықтар Бейжіңнің таныстырылымын өткізсе, түскі сағат 15:30-да Олимпиаданың астанасы анықталады.

Бұл шаралардың барлығын KazSport арнасы тікелей эфирде көрсететінін еске саламыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз