Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу мүмкіндігінен айырылды

0
527

2022 жылғы ақ Олимпиаданы өткізу құқығы Бейжіңге берілді деп хабарлайды  NUR.KZ.

олимпиада

Бүгін Малайзия астанасы Куала-Лумпурде Халықаралық Олимпиада комитетінің 128-ші сессиясы өтті. Сессия барысында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қала анықталды.

Алматы қысқы Олимпиада өткізуге осымен екінші рет өтінім беріп, ұтылып қалды.

Жиынға Халықаралық Олимпиада комитетінің 85 мүшесі қатысып, басым көпшілігі Бейжіңге дауыс берген.

Осылайша, Қытай Азия құрлығында қысқы әрі жазғы Олимпиаданы өткізетін алғашқы мемлекет болып отыр. Естеріңізде болса, 2008 жылы қытайлықтар жазғы Олимпиада ойындарын жоғары деңгейде өткізген болатын. ХОК мүшелері тәжірибелі әрі спорттағы жеңісті дәстүрі мол Қытайға көбірек сенген.

Қысқы ойындар 2022 жылдың басында өткізіледі деп жоспарлануда.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз