Өзін-өзі қорғамақ болған полиция қызметкері ер адамды атып өлтірді

0
443

Талдықорған қаласында өзін-өзі қорғау мақсатында табельдік қаруды қолданған полиция қызметкері өзіне шабуыл жасаған ер адамды атып өлтірді.

KEVADPRACTICAL 2007; TALLINN, EESTI, 07APR07. Laskmine. Pildil püstol GLOCK. Kiired ja täpsed võtsid mõõtu Harjumaal Humala laskeväljal toimusid laupäeval ja pühapäeval suurejoonelised võistlused practical laskmises koondnimetusega „Kevadpractical 2007”. Kohal oli nii Eesti paremik kui ka võistlejaid välismaalt. Endine Vene sõjaväebaasi territoorium oli kohandatud väga mitmekülgse võistluse läbiviimiseks. Praktiline laskmine on spordiala, mis püüab imiteerida reaalse relvakasutuse olukordi. Tulemusena arvestatakse nii laskmise kiirust kui ka täpsust. Laskeharjutused ei kordu võistluselt võistlusele, vaid on iga kord erinevad. Ka käesoleval turniiril pidid sportlased tabama liikuvaid märke, laskma hämaras taskulampi abivahendina kasutades ja oli ka harjutusi, kus relva tuli hoida nõrgemas käes. Practical laskmise võistlused võivad toimuda kolmes erinevas relvakategoorias: püstolid-revolvrid, sileraudsed püssid ja vintpüssid. Seekord võeti mõõtu püstoli ja sileraudse püssi käsitsemises. Reeglid on karmid – väiksemgi vääratus turvanõuete suhtes viib võistleja diskvalifitseerimiseni. Hoolimata võistlusel kasutatavatest võimsatest relvadest, peetakse practical laskmist üheks turvalisemaks laskespordialaks üldse. Võistluse korraldajate - practical laskmise klubide „Rewal” ja „Toonela Tuletoojate” esindajate sõnul oli sellekevadine võistlus pelgalt peaproov suvisele suurvõistlusele „Estonian Open 2007”, mida võib võrrelda selle ala harrastajate seas Eestis toimuva suusatamise maailmakarika etapiga. Aktiivseid practical laskjaid on Eestis üle kahesaja ja harrastajate hulk kasvab pidevalt.  th/Foto TOOMAS HUIK/POSTIMEES

«Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде веб-порталға күміс түсті «Тойота-Камри 40» маркалы көлігі облыс орталығында жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережелеріне қайшы келетін әйнектері қараңғылатылған және алдыңда мемлекеттік нөмірлік белгісіз жүргені туралы хабарлама келіп түскен. 30 шілде күні шамамен сағат 22-де полиция капитаны Б.Шәмшидинов, полицияның аға лейтенанты А.Нұрлыбаев және полицияның кіші сержанты А.Байбековтан тұратын «Бүркіт-157» патрульдік жасағы бұл автокөлікті Талдықорғандағы Тәуелсіздік-Ескелді би көшелерінің қиылысында тоқтатты», – деп хабарлады Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Құжаттарды тексеру кезінде «Тойота-Камри 40» көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің талаптарына қарамастан орнынан тез қозғалып Тәуелсіздік көшесімен шығыс жаққа қарай жасырынуға әрекет жасады.

Полицияның аға лейтенанты А.Нұрлыбаев «Тойота-Камри 40» жүргізушісінің құқыққа қарсы әрекеттерінің алдын алмақ болды. Соңғысы шұғыл бұрылған кезде көлігі капотының шетімен полиция қызметкерін іліп алып кеткен де оны 189 метр жерге дейін үлкен жылдамдықпен ала кетті.

«Бүркіт-157» экипажының кәсіби әрекеттерінің арқасында «Тойота-Камри 40» көлігі тоқтатылды. Аталған көліктің жүргізушісі полиция қызметкерлеріне қарсылық танытты, алайда ұсталған соң, оған қолкісен тағылды.

«Тойота-Камри 40» көлігінің ішінде үш жолаушы: екі бойжеткен мен бір ер адам отырған.

Полиция қызметкерлерінің талабы бойынша жолаушылар көліктен шықты. Олардың бірі, ер адам, полицейдің талаптарына құлақ аспай, бағынған жоқ, одан кейін тәртіп сақшысына қарай пышақ ала ұмтылды. Өзін-өзі қорғамақ болған полиция қызметкеріне табельдік қаруды қолдануына тура келіп, оқ атты. Көліктің жолаушысы алған жарақаты салдарынан көз жұмды.

Аталған оқиға бойынша барлық материалдар тергеу үшін облыстық арнайы прокуратураға жіберіледі, ол аяқталған соң полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық жағынан баға беріледі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз