Италия полициясы өзімен бірге $422 мың ақшасын ала кетпек болған танымал АҚШ рэпері Snoop Dogg-ты ұстады деп хабарлайды Reuters өнер жұлдызының қорғаушысы Андреа Парисиге (Andrea Parisi) сілтеме жасап.
ЕО-та жолаушыларға өзімен бірге алатын декларацияланбайтын ақша сомасы 11 мың АҚШ долларына тең.
Рэпер Ұлыбританияға жекеменшік ұшақпен жетпек болған.
“Бұл ақша оның (Snoop Dogg) Еуропада ұйымдастырылған концерттеріне байланысты берілген. Бұл қылмыс емес, бұл қарапайым әкімшілік тәртіпсіздік”, – деп мәлімдеді Париси.
Снуп Догг мамырда 10 музыкалық композициядан тұратын Bush альбомы жарыққа шыққан соң Еуропада концерттік турын өткізген.
Forbes журналының ақпаратынша, Снуп Догтың дәулеті $14 млн-ға бағаланады.
Дереккөз: ИА «Казинформ»