Бесінші қабаттан құлаған әйел аман қалды

0
413

Шымкентте бесінші қабаттан құлаған әйел ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оқиға 1 тамыз күні төменгі Отырар ауданында орын алған деп хабарлайды ТВК.

01

Жәбірленушінің айтуынша, ол үй тазалаушы ретінде нәпақасын тауып жүрген. Үй иесі оны пәтерін жинап беруге шақырғанда, ол ойланбастан келісім беріп, дереу шаруаға кіріскен.

Алайда, үй иесінің ойы басқаша болып шықты. Ол қызды зорламақ болып, арам ниетін жүзеге асырғысы келген. Осы сәтте намысын таптатқысы келмеген қыз 5-ші қабаттан секіріп кетеді.

Қуанышқа қарай, қыз жоғары қабаттан құлағанына қарамай, аман қалды. Алайда, оның жарақаты ауыр. Жедел-жәрдем көлігінде ғана есін жиған қыздың оң аяғы істемей қалған. Дәрігерлер қыз келісім берсе, ота жасауға әзір екенін айтады.

Ал қызды үйіне шақырып, азғындық жасамақ болған ер адамның мәселесімен тәртіп сақшылары айналысуда.й

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз