Ресей ЛДПР-сының лидері, мемлекеттік думаның вице-спикері Владимир Жириновский “жарты әлемді тізерлетіп”, елдің атын “Ресей империясы” деп атауды ұсынды. Бұл туралы Lenta.Ru-ге сілтеме жасап today.kz хабарлады.
Депутат мұны “Русская служба новостей” радиостанциясының эфирінен Ресейге қарсы санкциялардың күшейтіліп жатқанына байланысты әңгіме қозғалғанда айтты.
“Барлық экономикалық қарым-қатынасты тоқтату керек. Санкция шеңберіне кірген барлық елдермен барлық экономикалық, сауда, туристік қарым-қатынастарды тоқтатып, солардың бәрін – жарты әлемді тізерлетіп қою керек, біз соғыс жағынан бәрінен күшті елміз, бізден бәрі қорқады. Тек қана Америка, қалғандары соғысуды білмейді. Немістер мен француздарды біз қатты басып тастағанбыз, олар мүлдем ешқашан соғыспайтын болады”, – деді Жириновский.
Эпатажды саясаткердің айтуынша, Батыспен қарым-қатынастың шегіне жетіп тұрған қазіргі жағдайында аса қуатты репрессиялы аппарат, ұлттық қауіпсіздік комитетін жасап алып, қатаң шаралар қолдану қажет, ақыр соңында Ресейдің атын өзгерту керек.
Дереккөз: Today.kz
http://www.nur.kz/kk/839088-zhirinovskiy-reseydinh-atyn-ozgertip-zh.html