Әйел адамды аяусыз ұрған еркектің әрекеті жаға ұстатты (видео)

0
535

Оңтүстік Қазақстан облысында әйел адамды аяусыз ұрған ер адамның әрекеті көпшілікті шошытты.

https://youtu.be/dkxLR7b031o

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Бұл туралы newstop.kz хабарлады деп жазады ras.kz.

Бұл қолайсыз оқиға Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданындағы Жетісай қаласында орын алған. Желідегі кадрлардан  жігіттің қызды жерге жығып, тепкілеп, аяусыз ұрып жатқаны байқалады.

Оқиға куәгерлерінің ешбірі қызға көмекке келіп, арашалауға тырыспаған.

Түсірілімнің нақтылы қай уақытта болғаны белгісіз. Құқық қорғау органдары бұл дерекке байланысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз