Билік басындағылар уақыт білуге қанша қаражат жұмсайды? (фото)

1
251

Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өзінің үйлену тойына $620 мың тұратын сағат тағып келді. Ресей шенеуніктерінің сағаттары орта есеппен $30 мың тұрады.

Билік басындағылардың уақыт білуге қанша жұмсайтынын Азаттық назарларыңызға ұсынады.

1. Орыс православие шіркеуінің патриархы Кирилл. 

Ақпараттарға қарағанда, оның Swiss time club-тан алған сағаты 30 мың доллар тұрады.

2. Ресей президенті Владимир Путин.


Ресей президенті Владимир Путиннің сағаты 60 мың доллар тұрады. Дереккөз: Газета.ru жаңалықтар порталы.

3. Дмитрий Медведев.

Дмитрий Медведевтің сағаты 32 мың доллар тұрады. Дереккөз: “Ведомости” газеті.

4. “Газпром” басшысы Алексей Миллер.

“Газпром” басшысы Алексей Миллердің сағатының құны – 112 мың доллар. Дереккөз: “Ведомости” газеті.

5. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сағаты 60 мың доллар тұрады. Оның сол жағында Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев (сағатсыз) отыр. Дереккөз: Swiss time club.

6. Константин Эрнст.

Қанша бай болғанымен, Константин Эрнст 130 евро тұратын сағат тағады. Дереккөз: rb.ru бизнес-порталы.

7. Белоруссия президенті Александр Лукашенко.

Беларусьтің “үнемшіл” президенті Александр Лукашенконың 17 мың доллар тұратын сағаты бар. Дереккөз: Хартия’97 оппозициялық бастамасы.

8. “Ресей темір жолдары” (РЖД ) компаниясы басшысы Владимир Якунин.

“Ресей темір жолдары” (РЖД ) компаниясы басшысы Владимир Якунин 30 мың долларға сағат алған. Дереккөз: “Ведомости” газеті.

9. Актер Жерар Депардье.

Актер Жерар Депардье “Орыс болғаныма мақтанамын” атты сағаттар коллекциясының көрмесінде тұр. Мұндай сағаттардың бағасы 30 мың доллардан басталады. Дереккөз: Интерфакс.

10.”Ленфильм” басшысы Вячеслав Тельнов.

“Ленфильм” басшысы Вячеслав Тельнов сағатының бағасын айту-айтпау мәселесін ойланып отыр.

11. Режиссер Никита Михалков.

Сағаттар коллекциясын жинаған режиссер Никита Михалков кинематографистер жиынына 25 мың доллар тұратын сағат тағып келді. Дереккөз: Swiss time club.

12. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің сағаттары туралы дау жиі шығады. Оппозиция өкілдері оның сағатын 800 мың долларға бағалады. Президент баспасөз орталығы мұндай ақпарат таратқан басылымды сотқа беретінін мәлімдеген еді.

13. Дмитрий Песков.

Бір мезетте танымал болған Песковтің сағаты шамамен 620 мың доллар тұрады.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз