Бүгіннен бастап қырғыз-қазақ шекарасындағы кедендік бақылаудың күші жойылады

7
162

Бүгін Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шарт күшіне енеді. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресеймен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі атанады.

Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметінің хабарламасында айтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше, 5 тамызда Қазақстан Республикасы Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шартты ратификациялау рәсімін аяқтады.

ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылуы туралы Шарттың 11-бабына сәйкес дипломатиялық арналар арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған күні бұл Шарт күшіне енеді. Осы кезден бастап Қырғыз Республикасы ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі.

Атап айтқанда, «Мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесінде  кедендік бақылаудың күшін жою туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың  2015 жылғы 8 мамырдағы шешімі мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесіндегі кедендік бақылаудың күшін жою Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға кіруі туралы шарт күшіне енген күннен бастап іске қосылатыны көзделген, деп хабарлайды КирТАГ.

7 ПІКІРЛЕР

  1. Бүгіннен бастап болсын, не бір аптадан бастап болсын, бастысы кедендік бақылау күшінің жойылуы.

  2. Міне, көп күткен шақта келді десеңші! Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы жол жүру жиелене түспек! Өте дұрыс!

  3. Шыныменде осы қуанышты жағдай қырғыз бауырларымыз 5-ші болып толықтай одақ мүшесі болғаны.

  4. Мен Қырғызстанды құттықтаймым одақ мүшесі болғанына еңдігісі шекаралар ашылып одақ ішінде бәрі орынды өтетініе сенемім.

  5. Шекаралар ашылып біздің кәсіпкерлеріміз бәсекеге қабілеттілігіміз артса болды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз