Балабақшаға көлігімен басып кірген әйел ісіне қатысты екі жақтың мәмілеге келуі мүмкін емес

1
77

10 тамыз күні Алматыдағы №58 балабақшада болған жол көлік оқиғасына байланысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді.

Алматы қаласы сотының қылмыстық істер бойынша апеляциялық алқаның төрағасы Бақытжан Қараманов екі жақтың мәмілеге келу мүмкін еместігін түсіндірді.

“Баспасөзде ақпаратты дұрыс бермеген, өліммен аяқталған жағдайда екі жақты мәмілеге келу мүмкін емес. Сөз айыпталушы, прокурор және де жәбірленуші арасындағы процесуалдық келісім жайлы болып тұр. Сот қазіргі таңда істі прокурорға қаншалықты сот әділдігімен келісім жасауға болатынын тапсырған. Оныншы тамызға дейін уақыт берілді. Дүйсенбіде қандай процесуалдық келісім орнағаны және келісім мүлде болатындығы жөнінде белгілі болады”, – деп түсіндірді Қараманов.

Тағы да белгілі болған жайт, Татьяна Семченко онкоорталыққта тіркелгені сот шешіміне әсер етуі мүмкін.

“Біз тексердік, шыныменде ол кісі онкоорталыққта тіркелген екен. Осыған орай, заң бойынша, жеңілдік қарастырылатын жағдай, бірақ мұны сот шешеді”, – деді Қараманов.

Еске сала кетейік, 20 мамырда “Таугүл” ықшамауданындағы Сүлейменов көшесінің бойында орналасқан №58 балабақшаның ойын алаңына жол талғамайтын “Тойото Ленд Крузер” көлігі басып кіріп, 5 жастағы Кәусар Жолдыбай қаза тапқан болатын.

1 Пікір

  1. Оқыс оқиға болсада, кешіріммен қарауға болмайды.Бір сәбидің өмірін қидым деп отырған жоқ. Демалыс орнында жүргендей тойынып алыпты ғой.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз