«Рахат Әлиевті бопсалады» деп айыпталғандарды Вена соты ақтап шықты

1
97

Аустриядағы Қазақстанның экс-елшісі Рахат Әлиевті бопсалады деп айып тағылып, онымен камерада бірге отырғандарды Йозефштад соты ақтап шықты (Венаның жер сотына қарайды) деп хабарлады аустриялық Радио.

«Әлиевтен ақша бопсалаған деп айыпталып, онымен бір камерада отырған екі азамат сейсенбі күні ақталып шықты», – делінген жарияланымда.

Хабарда айтылғандай, сейсенбі күні Аустриядағы Қазақстанның бұрынғы елшісімен бір камерада отырған екі азаматтан жауап алынды. Бұған дейін Рахат Әлиевтің өзі айтқандай, онымен бір камерада отырғандар оған қысым көрсетіп, ақша бопсалаған. 41 жатағы және 21 жастағы сотталған екі ер адам одан 2014 жылдың 7 маусымынан бастап 3 мың еуро талап еткен-міс. Бұрынғы елшінің айтуынша, түрмеде есі ауысқан адамдар көп, егер ол ақшаны төлемесе, оны жуынатын бөлмеде өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсағандай етіп қоюы мүмкін.

«Алайда жауап алу барысында олар барлығын үзілді-кесілді жоққа шығарған. Бұл сотталғандар арасындағы тілдік кедергілер салдарынан болуы мүмкін емес», – делінген хабарда.

Мәселен, 41 жастағы сотталушының айтуынша, Рахат Әлиев неміс тілінде шақ сөйлеген, ал ағылшын тілінде мүлде сөйлемеген. Ол «онымен сөйлесе алмағандықтан, күш те көрсете алмағанын» айтып отыр.

Еске салсақ, Рахат Әлиев 24 ақпанда суицид жасап, аустриялық түрмеде өлі күйінде табылды. Аустриялық Kurier газеті Рахат Әлиевтің түрмеде асылып өлгенін хабарлады. Ол бірнеше апта бұрын өзінің қалауымен үш орындық камерадан бір орындық камераға ауыстырылған.

Хабарда айтылғандай, оның дәретханасы мен жуынатын бөлмесінен басқа, камерасы үнемі тексеріліп тұрған екен. Түрме жүйесінде оған «жасыл» деген мәртебе берілген, яғни ол жеткілікті дәрежеде сабырлы және камерада қосымша бақылаусыз бола алады дегенді білдіреді.

Кейін Аустрия Әділет министрлігі Йозефштад түрмесінде Рахат Әлиевтің суцид дерегін растады.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз