Қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады (видео)

1
80

Түркияның оңтүстік-батысындағы Денизли қаласының маңында Памуккаледен Антальяға жол тартқан автобус жол апатына ұшырады.

Белгілі болғандай автобус дымқыл жол үстінде аударылып, қоршауға соғылған.

Жол апатынан 31 адам зардап шеккен, олардың арасында Қазақстан, Беларусь, Ресей, Литва азаматтары бар. Бұл туралы Түркияның оңтүстік-батысындағы Денизли провинциясының Қауіпсіздік басқармасынан хабарлады.

Қазақстан Консулдығының мәліметі бойынша, жол апатына ұшыраған автобуста 7 қазақстандық болған. Олардың бесеуімен байланысқан. Олар ауруханада, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Жол-көлік оқиғасында  төрт Ресей азаматы мерт болып, 27 адам жараланған. Haber Denizli порталының хабарлауынша, қаза тапқандардың саны 6-ға жеткен.

Ал РИА Новости  Ресей елшілігіндегі өкілге сілтеме жасап: «Жол апатынан 4 адам қаза тауып, 31-і жарақат алды. Олар бес ауруханаға жеткізілді. Кейбіріне қазір ота жасалып жатыр», – деп хабарлады.

Дереккөздің сөзіне қарағанда, жауын-шашын болғандықтан су жолда жүргізуші көлікті басқара алмай, нәтижесінде автобус аударылып қалған.

https://youtu.be/bwSp2CQYjM8

Дереккөз: ИА «Казинформ»

http://www.nur.kz/kk/844646-turkiyada-qazaqstandyq-turister-ming.html

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз