Жол апатынан зардап шеккен 5 қазақстандық ауруханаға жатқызылды

1
65

АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркиядағы жол апатынан 31 адам зардап шеккен, олардың арасында Қазақстан, Беларусь, Ресей, Литва азаматтары бар. Бұл туралы Түркияның оңтүстік-батысындағы Денизли провинциясының Қауіпсіздік басқармасынан хабарлады.

ҚР Консулдығының мәліметі бойынша, жол апатына ұшыраған автобуста 7 қазақстандық болған. Олардың бесеуімен байланысқан. Олар ауруханада, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұған дейін хабарлағандай, Түркияда автобуспен болған жол-көлік оқиғасында  төрт Ресей азаматы мерт болып, 27 адам жараланған. Haber Denizli порталының хабарлауынша, қаза тапқандардың саны 6-ға жеткен.

Ал РИА Новости  РФ Елшілігіндегі өкілге сілтеме жасап: «Жол апатынан 4 адам қаза тауып, 31-і жарақат алды. Олар бес ауруханаға жеткізілді. Кейбіріне қазір ота жасалып жатыр», – деп хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, жауын-шашын болғандықтан су жолда жүргізуші көлікті басқара алмай, нәтижесінде автобус аударылып қалған.

http://www.inform.kz/kaz/article/2804611

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз