Білім гранттарын орналастыру құқығын конкурстық түрде анықталған 60 ЖОО иеленді – ҚР БҒМ

0
424
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтің төрағалығымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім беру гранттарын беру бойынша республикалық конкурстық Комиссия өз жұмысын бастады, деп хабарланған ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында.Комиссия құрамында мемлекеттік орган қызметкерлері, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Азаматтар альянсы, Ғылым және білім қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары бар.

Комиссия отырысында жоғары оқу орындарына оқушыларды қабылдау бойынша дайындық жұмыстарының қорытындысын шығару жоспарлануда.
2015 жылы 32 168 грант бөлінді: 500 орын ЖОО дайындық бөлімдері арасында бөлінген және 29 668 грант 1 курсқа қабылдауға арналған. Күндізгі оқу бөлімі гранттарының саны – 29 168, сырттай – 500. Білім гранттарын орналастыру құқығын конкурстық түрде анықталған 60 ЖОО алды.
Комиссия жиналысында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мемлекеттік тапсырыс құрылымы үстіміздегі жылы қайта қаралғандығын атап өтті.

«Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуында стратегиялық басымдыққа, Елбасымен жарияланған инновациялық-индустриалды даму бағытына көп көңіл бөлінген. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенін дамыту назарға алынған. Осындай мемлекеттік тапсырыстар еңбек нарығында жоғары білікті кадрларды дайындау құрылымын тиімді қалыптастыруға әсер етеді», – деді министр.

Көрсетілген басымдықтар есебімен 12,6 мың грант техникалық және технологиялық мамандықтарды оқытуға, 6000 жуық грант – педагогикалық мамандықтарға, 2 690 грант – ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мамандықтарына қарастырылған.

«2015 жылы білім гранттарын беруге 67 377 адам қатысады, соның ішінде 53 162 қазақ тілді оқумен, 14 215 – орыс тілді оқумен. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде студенттерді оқыту квотасы шеңберінде 6 457 адам қатысады», делінген хабарламада.

 http://www.inform.kz/kaz/article/2804064

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз