Полиция бөлімшесінің шатырынан 40 жыл жатқан мүрде табылды

1
48
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресейдің Краснодар өлкесі Гулькевич ауданынан полиция бөлімшесінің шатырынан қырық жыл жатқан ер адамның мүдесі табылды.РФ ТК өңірлік Тергеу басқармасы аталмыш факті бойынша «кісі өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғаушылар оның қалай өлгенін, осы күнге дейін мүрдесі неліктен табылмағанын анықтауға тырысуда.

– Қазір белгілі болғаны, ер адам 38-40 жыл бұрын көз жұмған. Марқұмның қалай қайтыс болғаны, кім екені әзірге анықталған жоқ, – деп хабарлады өлкелік тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Наталья Смяцкая.

Сондай-ақ ІІБ қызметкерлерінің әкімшілік ғимараты шатырынан табылған мүрдеге қандай да бір қатыстылығының бар-жоғы анықталмады.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз