Сирияға кеткен анасын іздеген бүлдіршін жылауын тоқтатар емес

0
503

Ақтөбелік балғын Сирияға кеткен анасын іздеп, жылауын тоқтатар емес. Анасын сағынған бүлдіршін тіпті тамақ жеуден де қалған екен.

ребенок

Бұл туралы aktobetimes.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Гүлбану Асанова ағымдағы жылдың 9 мамырында Қандығаштағы үйінен кетіп, қайтып оралмады. Ол үйінен шығарда Ақтөбедегі  күйеуінің жалақысын алуға кетіп бара жатқанын айтқан. Көп ұзамай жақындары оның кетерде қалдырып кеткен хатын тауып алады.

“Мама, мен кетіп барамын. Бәрі бір Алланың қалауымен. Мені кешіріңіздер, сіздерді жақсы көремін. Ақгүлді сізге тапсырдым. Сирияға кетіп қалдым. Мені іздемеңіздер. Мені өлі деп санаңыздар”, – деп жазған қоштасу хатында ақтөбелік әйел.

Қызым 29 мамырда қоңырау шалып, Сирияға аман-есен жеткенін айтты

“Хатты оқып, сене алмадым. Қызым 29 мамырда қоңырау шалып, Сирияға аман-есен жеткенін айтты. Медициналық-санитариялық бөлімде жұмыс істеп жүргенін айтып, үш рет белгісіз нөмірден хабарласты. Қаншалықты рас айтқанын білмедім, бірақ қаңтарда қайтып оралуға сөз берді. Содан кейін хабарсыз кеткеніне бір ай болды”, – дейді Гүлбанудың анасы Ақтоты.

Гүлбанудың қызы Ақгүл әлі екіге толмады. Бүлдіршін телефонға жазылған анасының дауысын тыңдап, жылауын тоқтатар емес. Су мен тамақтан бас тартқан. Ақтоты немересінің қатты азып кеткеніне алаңдаулы.

Достары Гүлбанудың бірден өзгеріп кеткенін байқаған.

“Басында заманауи қыз болатын. Кейін орамал таға бастады. Арамызда дін туралы әңгіме қозғалғанда, біз оның көп сөздерін түсінбей, одан алыстай бастадық. Ол оқуға келуін де доғарды. Біз бұрынғыдай жақын араласпайтын болдық. Кейін шетел асып кеткенін естігенде есеңгіреп қалдық”, – дейді Гүлбанудың құрбысы Жанар.

Ал Гүлбанудың бұрынғы күйеуі Әліби әйелінен гөрі баласы үшін алаңдаулы екенін жасырмады.

“Баласын тастап кетіп қалғаны дұрыс болмады. Егер жақсы адам, жақсы ана болғанда, баласын тастамас еді. Ол өзінен басқа ешкімді ойламайтынын дәлелдеп берді… Мен намаз оқимын. Сирияға “жиһад” үшін кеткендердің әрекеті оң деп санамаймын. Бұл ақыр заманның бір белгісі”, – дейді Әліби.

Гүлбану қызына да шетел паспортын дайындап қойған екен

“Мен 20-дамын. Бұрынғы әйелім де 20-да. Екеуіміз 2,5 жыл бірге тұрдық. Арамызда көп түсінспеушіліктер болды. Анаммен ақылдасып, ажырасуға бел будым. Гүлбану қызына да шетел паспортын дайындап қойған екен. Не үшін дайындағанын білмедім. Менімен ажырасқалы интернет арқылы өзіне жаңа күйеу іздеуге кіріскен. Ажырасқаннан кейін 4 ай 10 күнді де күтпеді. Екі ай өтпей жатып кетіп қалғаны діндегі сауатсыздығын байқатады”, – дейді Гүлбанудың бұрынғы күйеуі.

Ал Қандыағаштағы экономикалық-өндірістік колледждің директоры Бек Байбулов болса, Гүлбанудың түзу жолдан күйеуге шыққаннан кейін тайғанын алға тартты.

“Ол жарқын қыздардың бірі болды. Қысқа юбканы жиі киетін… Оны “осы былықтың” бәріне күйеуі итермеледі. Бір күні хиджабпен келді. Кейін сабаққа келуін қойып, жүкті болуына орай академдемалыс алды. Мен оны оқуын тастамауға қанша көндірмек болсам да, одан еш нәтиже болмады. Біз оның қайтып оралуын сарыла күтудеміз”, – дейді директор.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз