Қол-аяғы сіресіп қалған бүлдіршін тәй-тәй басып жүріп кетті

2
113

Церебральды сал ауруына шалдығып, қол-аяғы сіресіп қалған бүлдіршін тәй-тәй басып жүріп кетті деп хабарлайды 31 арна.

Осыған орай бүгін, 7 шілдеде Алматыдағы емханалардың бірінде ерекше тұсаукесер өтті. Әлемде емі жоқ, сауықпас сырқатқа қарсы отандық дәрігерлер шипа тапқан.

Ала жіпті үзіп, алға қарай қадамдаған бүлдіршіннің ата-анасы осыдан бірнеше ай бұрын баламыз қаз-қаз басып жүреді -деп армандамаған да болатын. ДЦП диагнозынан зардап шеккен 3 жасар Жарасбек өздігінен тұрып, өзгелерше жүре алмайтын – дейді олар.

Жарасбектің анасының айтуынша, 20 күндік ем оң нәтижесін беріп, баласы тәй-тәй басып, жүріп кеткен.

“Бармаған жеріміз жоқ. Баламның жүріп кеткені бірінші Алланың, екінші баламды емдеген дәрігердің арқасы деп ойлаймын. Болмаса оның алдында түрлі-түрлі массаждар да алдық, ана жаққа да апардық, мына жаққа да апардық, бірақ ешқандай нәтиже берген жоқ. Өзім дәрігерге қатты сендім”, – дейді ата-ана Айнұр Төлегенова.

Көп жылдан бері Қытайда дәріс алып, медицина мен шығыс ілімін ұштастыра білген маман осы күнге дейін 700-ге жуық науқасты қарап, 62-сін айықпас дерттен жазған.

Негізгі ем құралы ретінде невропатолог инемен шаншу, тітіркендіргіш құралдарын, уқалау мен шөптен жасалған дәрі-дәрмекті қолданады екен. Індет салдарынан ми жұмысына зақым келіп, көру, сөйлеу, жүру қабілеттері бұзылған балаларды жақындары неғұрлым ерте әкелсе, ем соғұрлым жақсы қонады – дейді ақ халатты.

Жас ата-аналар үйленгеннен кейін міндетті түрде денсаулығын тексертіп, қаралып, медициналық жақтан барлығы дұрыс дегеннен кейін перзентті болуға ниеттенсе

“ДЦП балалардың 70-80 пайызының ата-анасы цитомегаловируспен инфекцияланған болып есептеледі. Сондықтан мен айтар едім жас ата-аналар үйленгеннен кейін міндетті түрде денсаулығын тексертіп, қаралып, медициналық жақтан барлығы дұрыс дегеннен кейін перзентті болуға ниеттенсе деп ойлаймын”, – дейді шығыс емханасының бас дәрігері, невропатолог Мақсат Әбдіқадыр.

Жалпы бүгінгі күні елімізде церебралды сал ауруына шалдыққан 13 мыңнан астам науқас бар. Оларды қоғамнан шеттетпей, қалыпты өмірге бейімдеу үшін, емдеу әдістерінің жаңа түрлерін жетілдіру үшін мемлекет тарапынан қолдау қажет – дейді дәрігерлер.

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз