Стивен Сигал Якутияға өзінің түп-тамырын іздеуге келді

0
444

Танымал голливуд әртісі Стивен Сигал якуттың Мирный қаласына келді деп хабарлады РИА Новости жергілкті ЯСИА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

стивен сигал

Басылымның хабарлауынша, Стивен Сигалдың Якутияға сапарының ресми мақсаты “АЛРОСА” АК алмаз өндіретін кәсіпорынның техникалық, әлеуметтік-экономикалық деңгейін бағалаумен байланысты.

Алайда голливуд жұлдызының Якутияда болуының жеке сипаты бар. “Сигал Якутиядан өзінің түп-тамырын іздейді”, делінген мақалада.

ЯСИА агенттігінің хабарлауынша, Сигалдың әке жағынан атасы Ресей аймақтарының бірінде дүниеге келген, содан кейін ХХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ-қа қоныс аударған.

Актер өзінің түп-тамырын іздеп, Қазақстанда, Қалмақстанда, ресейлік Тыва республикасында болған. Енді Якутияға жетті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз