Иран астанасын ауыстыруы мүмкін

1
71

Иранда астананы Тегераннан басқа қалаға көшіру туралы мәселе қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы ras.kz хабарлады.

Бұдан бұрын, 2013 жылғы желтоқсанда елдің парламенті аталған мәселені талқылаған болатын. Сонда 110 депутат астананы көшіруді қолдаса, 97 адам қарсы шыққан еді.

Алайда, сол уақыттан бері бұл мәселе қайтадан көтерілмей қалған. Иран Cыртқы істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли журналистерге 20 жылдан бері сөз болып келе жатқан астананы көшіру идеясын президент Роуханидің қолдайтынын айтты.

“Заң шығарушылар астананы Тегераннан басқа жерге көшіру жөніндегі ұсынысты қолдады. Әзірге жобаның қаржылық мүмкіндігі анықталған жоқ”, – деді Рахмани Фазли.

Ал Иранның парламент істері жөніндегі вице-президенті Маджид Ансари бұл идеяны өміршең емес деп есептейді. Ол қаржылай қиындықтар салдарынан Тегераннан барлық мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық орталықтарды көшірудің мүмкін болмайтынын алға тартады.

Айта кетейік, бір өзінде 8,3 млн, айналасында 14 млн халық тұратын Тегеран Орта Шығыстағы ең ірі қала болып табылады деп жазады egemen.kz.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз