Ақмола облысының тұрғыны баласын сүндеттеймін деп, өлтіріп ала жаздады

0
513

Ақмола облысының тұрғыны 7 жасар ұлын сүндеттеймін деп, өз қолымен өлтіріп ала жаздады. Қансыраған баланы жедел жәрдем дереу ауруханаға жеткізді деп хабарлайды Bnews.kz.

скорая. Фото: irkutskmedia.ru

Балалар ауруханасының бас дәрігері Қайыр Әбдірахмановтың айтуынша, қазір баланың жағдайы бір қалыпты.

“Көкшетау қаласы Темірбеков көшесі 140 үйде тұратын 2008 жылы 30 шілдеде туған Омархан Құтымбетті жедел жәрдем көлігімен таңғы 5-те ауруханаға жеткіздік. Омарханның әкесі баланы өз үйінде сүндеттемек болған. Тоқтамай атқылаған қанды көргенде әкенің есі шығып, абдырап қалған. Сөйтіп, дереу жедел жәрдемге хабарласқан”, – дейді Әбдірахманов.

Ол мұндай жағдайды өмірінде алғаш рет кездестіріп отырғанын айтады.

“Хирург кесілген жерді тігіп, қанды тоқтатты. Қазір баланы амбулаториялық ем қабылдауға жібердік, оның жағдайы бір қалыпты. Дегенмен біз бұл оқиға жөнінде полицейлерге хабарладық. Сонымен бірге Денсаулық сақтау басқармасы мен балалардың құқықтарын қорғау қызметіне де хабар береміз. Егер балаға бірдеңе болса не болар еді? Бұл іспен құзырлы мекемелер айналысуы керек”, – дейді дәрігер.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз