Pirelli-дің 50 жыл ішіндегі ең үздік фотолары (фото)

0
825

50 жыл бойы аты аңызға айналған фотографтар топ-модельдер мен әртістерді жыл сайынғы Pirelli күнтізбесіне фотоға түсіреді.

пирели5

Жақында Pirelli өзінің тарихындағы ең үздік фотосессияларды Pirelli: The Calendar 50 Years and More атты жинағында жариялады деп жазды glamour.ru.

1. Адриана Лима, Патрик Демаршелье, 2005

пирели1

Pirelli күнтізбесі бүкіл әлемге танымал. Барлығы 1964 жылы көлік дөңгелектерін жасайтын итальяндық компанияның өз жарнамасына көліктің қасында тұрған арулардың фотосын қоюынан басталды.

2. Жизель Бюндхен, Мерт Алас және Маркус Пигготт, 2006

приели2

Pirelli фотоны түсіру үшін тек ең үздік фотографтарды тартты: әр жылдары күнтізбені жасауға Ричард Аведон (Richard Avedon), Энни Лейбовиц (Annie Leibovitz), Мерт Алас пен Маркус Пигготт (Mert & Marcus), Хельмут Ньютон (Helmut Newton), Инез ван Ламсвеерде мен Винуд Матадин (Inez & Vinoodh) өз үлестерін қосты.

3. Хелена Кристенсен, Херб Ритц, 1994

пирели3

4. Наоми Кэмпбелл, Патрик Демаршелье, 2005

пирели4

Күнтізбенің алғашқы шығарылымы 60-шы жылдардағы Лондонның еркін рухына арналып, үлкен танымалдылыққа ие болды. 1972 жылы Pirelli фотографтар тобына алғаш рет әйел фотограф шақырылды. Сара Мун (Sarah Moon) есімді фотограф келесі түсірілімді Париждегі қаңыраған Вилла де Тилель (Villa Les Tilleuls) мекенінде өткізуді жөн көрді.

5. Теренс Донован, 1963

пирели5

6. Теренс Донован, 1963

пирели6

7. Питер Кнапп, 1966

пирели7

8. Сара Мун, 1977

пирели8

2007 жылғы күнтізбе үшін фотосессия Голливудта Инез ван Ламсвеерде мен Винуд Матадиннің (Inez van Lamsweerde & Vinoodh Matadin) басшылығымен өтіп, онда Софи Лорен (Sophia Loren), Пенелопа Крус (Penelope Cruz), Хилари Суонк (Hilary Swank), Наоми Уоттс (Naomi Watts) пен Лу Дуайон (Lou Doillon) сияқты әртістер басты кейіпкерлерге айналды.

9. Софи Лорен, Инез ван Ламсвеерде мен Винуд Матадин, 2006

пирели9

10. Паула Мартин, Франсис Джакобетти, 1970

пирели10

11. Паула Мартин, Франсис Джакобетти, 1970

пирели11

2012 жылдың күнтізбесін жасаған Марио Сорренти (Mario Sorrenti) фотодағы бойжеткендерді жартылай жалаңаштанған күйде шығарса, 2013 жылда, керісінше бойжеткендер барынша денесін жасырған.

Pirelli күнтізбесі коллекция жинаушыларға бағытталған. Ол шектелген данамен тек аукциондарда ғана сатылады. Pirelli күнтізбесіндегі фотолар мұражай мен көрмелердің қабырғаларына ілінеді.

12. Наталья Водянова мен Каролина Куркова, Брюс Вебер, 2003

пирели12

Pirelli-дің Taschen баспа үйінен жарияланатын The Calendar 50 Years and More атты кітабы 2015 жылдың 10 тамызында сатылымға шығады.

13. Жанет Хардинг, Брайан Даффи, 1965

пирели13

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз