Назарбаев үкімет пен әкімдерге қаржыны қатаң үнемдеуді тағы тапсырды

0
417

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен биліктегі «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің бюро отырысында үкімет пен әкімдерге қаржыны «қатаң үнемдеуді» тапсырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

56d5f9653dc7f45c12a0cb81d4b51aef-slider

“Жаңғырту жұмыстары күрделі жағдайда өтіп жатыр. Біздің экспорттық тауарларымыздың бағасы айтарлықтай төмендеп, бюджет ақшасы азаюда. Сондықтен мен үкіметке және барлық әкімдерге халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бюджетте қажетті қаражат болуын қамтамасыз ету үшін қаржыны қатаң үнемдеуді тапсырдым. Ел арасында да тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн”, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев

Сонымен қатар, Қазақстан президенті «Нұр Отан» партиясына келесі жылы болатын және күрделі экономикалық жағдайда өтетін парламент сайлауы жөніндегі науқанға дайындықты қазірден бастау керектігін атап айтты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз