Ажырасу індетінен құтқаратын 5 себеп

1
92

Ажырасу індетінен құтылатын 4 себеп

 

 Неке Жаратушының рұқсаты, оның жауапкершілігі мен сақтаулуы біздің мойнымызда Мен таныстарымның үйлену тойларына көп бардым, сол жерде көбінің өз отбасылық өміріне шағымданатынын еститін едім. Сол уақыттарда тойлардың басым бөлігі салтанатты түрде өтіп жатты, мен болсам залдын төменгі жағында орындалмаған армандар мен үзілген үміттердің аясындағы аңгімелердің арасында отырдым. Жастау келген бір келіншек, өзінің жоғарғы оқуын аяқтауға күйеуі рұқсат бермегенін айтты. Тағы бір келіншек енесімен тіл табыса алмай жүргенін қозғады. Егделеу келген бір кісі қызының жақында ажырасып кеткенін айтып, налыды.

Сөйтіп біз келген той, жас жұбайларға деген жақсы тілектер мен отбасылық бақытқа кенелулеріне қатысты көптеген дұғалар айтылып, аяқталды. Есімде жас жұбайларға: «Жаратушы Алла, осы жұпты берік әрі бақытты отбасынан қыла гөр. Әмин» — дегенім. Тойдағы болған әңгімелер мені терең ойға шомдырды. Соңғы бірнеше айдың өзінде біршама таныстарым ажырасып үлгерді. Сонымен қатар, көп отбасылардың ажырасудың аз алдында тұрғанын да білдім. Неліктен осыншама көп отбасы шанырақ шаттығынан айырылып, аздырған ажырасу апанына түсіп жатыр?

Сол кеште маған айтылған барлық әңгімелердің ортақ мәселесі: бірде – бір жұпқа үйленуден алдын отбасылық өмірдің ерекшелерін, жанжал болдырмау, өзара келіспеушіліктен қашуды үйретпеуінде. Олардың ешқайсысы отбасылық өмірде туындайтын ауыртпалықтардың шешу жолдарына дайындалмаған, солардың басым бөлігі некеге дейін қойылып, қозғалмаған сұрақтардың, табылмаған шешімі. Кейінгі мұсылман үмбетінің ажырасу санының статистикалық зерттеуінде, әрбір ажырасқан ер мен әйел, үйленуге дейін, отбасылық өмірде қандай қиыншылдықтармен кездесіп, олармен қалай күресу жайында айтылатын кеңестен өтпегені байқалды. Олардың көбі некелесуден бұрын жақсы насихат – кеңесті естіп, кейінде отбасылық өмірде келеңсіздіктер туындаған сәтте, сол кеңестердің көмегіне жүгінуді қалады. Бұл дегеніміз олардың отбасылық өмірге психологиялық – діл деңгейінде дайын еместігін дәлелдеп отыр. Қараңыздаршы, отбасын құруға ниеттенген адамдардың жағдайы қандай болатынына. Бозбала мен бойжеткен тойға дайындалудың әбігерімен жүреді, ал қалғандары сол салтанаттың болуына жүгіреді. Осындай жауапты қадамға бел буған жандарға қолдау көрсетуді біз неге ойламаймыз? Сол той күні суретке түсіп жатқан жігіт пен қыз нендей өмірге бастау алғанын, жауапкершіктің терең мәнін түсіне ма екен? Жаңа қарым – қатынастың махаббаты мен қуанышы көзді байлап, ақиқаттан алыстататын тұстары болады. Сондықтан бұл жағдайды саналы түрде сезініп, зор діл қойып, рухани серіктестікке дайын болу қажет.

Біз тойдың өтуіне дайындалып көп уақыт, ақша,күш жұмсаймыз да, некенің өзіне мән бермей, естен шығарып тастаймыз. Біз өміріміздің осы айтулы күнінің әр ұсақ нәрсесіне зор мән береміз де, оның басты мақсатын – өзге жанмен өмір бойы бірге тұру міндетін ұмытып жатамыз. Бір әйел маған айтқандай: «Үйлену тойымыздың дайындығына екі ай уақытымыз кетті, бірақ отбасылық өміріміздің қалай өтетініне бірде бір минут болмапты».

Көбіне отбасылық өмірге бастап отырған жас жұбайлар қате ойда болады, олар кез — келген келеңсіздіктерді өздерінің махаббатымен оп – онай жеңеміз, некеге дейінгі насихатты қажет етпейміз деп ойлайды. Нәтижесінде аяусыз ақиқатқа жолығып, өздерінің мінездері мен көркемділіктерін бетпе бет қояды. Отбасылық өмірдегі болатын келеңсіздіктер пен келіспеушілік заңдылық әрі табиғи құбылыс, алайда оларды көркем мәмледе шешу тек олардың шешімін білетін адамның қолынан келеді. Сонымен қатар, көптеген қиындықтардан құтулудың бірден бір жолы, ол алдын ала әлеуетті жағдайдың өткір тұстарын білу.

Некеге дейінгі «келісімнің» мәні келесіде

1. Бір бірлеріңізден не күтетіндеріңізді шешіп алыңыздар. Алдын ала некедегі жандардың әр қайсы өз міндеттері жайлы сөйлесіп алғаны дұрыс.

2. Бір – бірлеріңіздің рухани әрі діни көзқарастарыңызды зерттеп алыңыздар. Сол уақыттағы сіздердің белгілі бір жағдаяттарға қатысты сенім мен ойларыңыз қандай? Жастар көбіне өз эмоцияларына ерік беріп, әрі бірге өткізген уақыттарының қуанышына беріліп, некедегі ең басты нәрсені ұмытады. Неке үйлесімділікпен өзара түсіністік сенімі мен көзқарастардан беріктене түседі, ал егер көп мәселеде пікірлер тарамданатын болса, беріктігі әлсіремек.

3. Ата – аналарыңыздан, ата – әжелеріңізден насихат сұрай біліңіздер. Біздің отбасылық өмірде бастан өткеретінімізді улкендер мен ата – аналарымыз сан мың мәрте откен. Отбасылық өмір жайлы олардан басқа біз кімнен сұрай аламыз.

4. Сөйлесу мәнері мен келеңсіздіктерді шешу. Өз ойыңды, қалауың мен талаптарыңды серігіңізге наразылық пен жазғыру сияқты етіп алмай, дұрыс жеткізе білу де өнер. Сонымен қатар, дау туған сәтте өзін ұстай біліп, кейін өкінішке апаратын жағдайлардан барынша алыс болғаны жөн.

5. Ортақ мақсатты қоя білу. Ашық теңізде ескексіз жүзген қайық секілді болмай, некеге түскен жандар ортақ мақсатқа, ойға ие болып, соған бірге жетудің қамын ойлауы абзал. Ортақ мақсат некені ауызбіршілікпен ұштастырып, келеңсіздіктерден алыстатады. Өз некелік өмірлеріңізді көп жылдар өткеннен кейін қалай елестететініңізді, отбасылық өмірден не күтетініңізді айтып, ортақ ойларыңыздан қуат алып, болашақтарыңызды құрыңыздар. Қанша балаларыңыздың болғанын қалайсыздар? Отбасылық өмірдің жобасын талқылап, оның бекеттерінен бірге өтуге тырысыңыздар. Бұл сіздердің араңыздағы ұстанымды арттырып, жақындастыра түседі.

Жас жұбайлардың үйленбестен бұрын, біраз отбасылық өмірдің маңызды тұстарын білуі, олардың болашақта келеңсіздіктерге бас ұрдырмай, берік жанұя құруына себеп болары сөзсіз.

Дереккөзі – AltMuslimah

Islam-today.ru сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz

http://alashainasy.kz/din_islam/ajyirasu-ndetnen-kutyilatyin-4-sebep-72318/

1 Пікір

  1. Жаман індеттен сақтайтын себебті оқып қойыңыздар, отбасыларыңыз аман, айналаңыз берекелі болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз