Алматы қаласының жаңа әкімі болып, Бауыржан Байбек тағайындалды

7
65

Алматы қаласының жаңа әкімі болып, Бауыржан Байбек тағайындалды

 2008 жылдан бері Алматы қаласы басшысының қызметін атқарып келген Ахметжан Есімовті «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына ауыстырмақ. Бұл туралы іскерлік ақпарат орталығы Kapital.kz-ке меншікті дереккөз хабарлаған.

Бауыржан Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. “Болашақ” бағдарламасының түлегі.

Ол 1999 жылдан – Майндағы Франкфурт қаласы Қазақстанның Бас консулдығының референті , атташесі – Германиядағы Қазақстан елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан – президент Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан – президент Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан – бас инспекторы, 2006 жылдан – Хаттама жетекшісі қызметтерін атқарған.

2009 жылдың тамыз айында – президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. Ал 2013 жылдан осы күнге дейін “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар президенттің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) мүшесі.

http://alashainasy.kz/politic/almatyi-kalasyinyin-jana-akm-bolyip-bauyirjan-baybek-tagayyindaldyi-72315/

7 ПІКІРЛЕР

  1. Алматы қаласына тигізер әсері мен оны әрі қарай дамыту жолына шығаратынына еш күмәнім жоқ.

  2. Жас әрі болашақта зор үміт күттірер азаматтың бірі екен! Алматы қаласының дамуына үлкен үлесін қосатыны анық!

  3. Байбекке жаңа жұмыста сәттілік тілей отырып, Алматы қаласының дамуына жаңа серпіліспен, жас көзқараспен кірісуіне тілектіспін!

  4. Құтты болсын! Байбек мырзаның тәжірибесі мол, оған сенім артуға болады

  5. жастарға мүмкіндік беру керек! елді келесі бір онжылдықтарда басқаратын кадрларды біртіндеп тәрбиелеп жатыр Елбасымыз. қанша дегенмен алыстан ойлайтын азамат қой. қолдаймын.

  6. Меніңше Алматыға оның жас энергиясы керек. қаланы тазартып, көркейте түсер деп сенемін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз