Ахметжан Есімовтің орындалмаған 15 уәдесі

1
84

 

  • © infozakon.com© infozakon.com

Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің орындалмаған 15 уәдесін Kapital.kz ақпарат орталығы тізбектеп шықты.
1. Үш жаңа автовокзал ашу
Өткен жылы әкім журналистермен брифинг өткізіп, Алматыда үш жаңа автовокзал ашатынын мәлімдеген болатын. Олардың бірі Қалқамандағы қалалық аурухана маңына салынып, тіпті метрополитен жалғанады деп жоспарланған. Екіншісі Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолының қиылысында, ал үшіншісі Қапшағай маңындағы Первомай тоғанында орналасуы тиіс болған.
2. Қоғамдық көліктерді экологиялық таза жанармайға көшіру
Бұл бастаманы Есімов 2012 жылы белсенді қолдауға кірісті. Алайда үш жыл ішінде барлық көлікті газ және электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкін болмады. Сонымен қатар, әкім жеке тасымалдаушыларға автобусты газбен қамтамасыз ету үшін қала билігі көмек береді деп уәде еткен.
3. Алматыдағы барлық аулаларды бейнебақылаумен жабдықтау
2013 жылы әкім екі жыл ішінде қаланың барлық аулалары бейнебақылау камерасымен жабдықталатынын мәлімдеді. Бұл қаладағы қылмыс деңгейін төмендетуі тиіс болған. Уәде жартылай ғана орындалып, Бостандық және Медеу аудандарындағы кей аулаларға камералар әлі күнге дейін орнатылмаған.
4. “Сайран” және “Мәскеу” станцияларының ашылуы
Есімов журналистерге Алматыдағы екі жаңа метрополитен станциялары кестеге сай салынып, уақытылы қолданысқа берілетінін бірнеше рет уәде еткен. Станциялар Тұңғыш президент күніне орай 2014 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылуы тиіс болған. Алайда жаңа станциялар тек 2015 жылдың 18 сәуірінде ғана қолданысқа берілді.
5. Жедел автобустар
Екі жыл бұрын қала басшысы 2015 жылы “Орбита” ықшамауданынан шығыс автовокзалына дейін жүретін үлкен жедел автобустар іске қосылады деп мәлімдеген болатын. Бұл да іске аспай қалды.
6. Наурызбай ауданында әкімшілік орталық құру
2014 жылы Ахметжан Есімов жақында ашылған Наурызбай ауданының деңгейін көтеруге уәде берген еді. Ол бір жыл ішінде аудан аймағында әкімшілік орталық ашып, мектеп, емхана, балалар бақшасы сияқты әлеуметтік нысандар салуды жоспарлаған.
7. Медбикелерге арналған жатақхана
Алматы әкімдігі екі жыл бұрын мебдикелерге арнап жатақхана ашатынын уәде еткен. Бұл туралы экс-әкімнің орынбасары Зәуреш Аманжолова мәлімдеген болатын.
8. Екінші арнайы ХҚКО ашу
Өткен жылдың 19 ақпанында Ахметжан Есімов екінші арнайы ХҚКО ашатынын мәлімдеді. Орталық Құлжа тас жолы маңында салынады деп жоспарланған.
9. Академиялық медициналық орталық салу
2013 жылы алматылық академиялық орталық ашу шешімі кеңес отырысы барысында қабылданған болатын. Әкім медициналық нысанды салуға осы салада танымал болған әлемдік компанияларды жұмылдыруға уәде етті.
10. “Қарқара” базарын қайта құру
Әкім кеңес барысында “Қарқара” базарын қайта құрамыз деген мәлімдеме жасады. “Атакент” маңында базардан өзге екі тұрғын үй кешені қалануы тиіс еді. Сол арада әкім қаланың жоғарғы бөлігіне көпқабатты ғимарттар салуға жол берілмейтініне де баса назар аудартты. Ол мұндай тапсырманы президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы дамуына қатысты кеңесте бергенін айтқан.
11. «Қазақленд» туристік кешенін құру
Алматының Көк-Төбе тауында мәдени-туристік “Қазақленд” кешенін салу жоспраланған болатын. Кешеннің ауданы 44 мың шаршы метрді құрауы тиіс еді. Сонымен қатар шығыс жағында жаңғақ орманы, ал айналасында террасалар мен скейтборд және тау велосипедін тебуге мүмкіндік беретін жолдар салынады деп шешілген. Жобаға 43,5 млрд теңге жұмсалады деп күтілді.
12. Қалалық әуежайды кеңейту
Алматы билігі қалалық әуежайды кеңейту жобасын мақұлдады. Жоба әуежай акционерлерімен ұсынылып, жаңартылған әуежай кемінде 2025 жылға дейін ел игілігіне қызмет етеді деп жоспарланған болатын.
13. 11 өрт депосын салу
“Алматы әкімдігінің 2011-2015 жылға арналған құрылыс жоспарындағы” мәліметтерге сәйкес, қалада болатын жыл сайынғы төтенше жағдайлардың 85-90%-ы – өрттің салдары. Ал қалада тек 13 өрт сөндіру бөлімі бар. Өрт қауіпсіздігі нормаларына сүйенсек, олар қала қауіпсіздігін тек 50%-ға қамтамасыз ете алады. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған нормативтік шарттарды орындау мақсатында тағы 11 өрт депосы салынуы тиіс еді.
14. Дельфинарий құру
Өткен жылдың маусымында Алматы әкімдігі 2014 жылдың аяғына дейін жоба жұмыстарын аяқтап, дельфинарий мен мұз аренасын салуды қолға алатынын мәлімдеді. Жаңа нысандар Орталық мәдениет және демалыс саябағы аймағында салынады деп күтілді.
Ахметжан Есімов жобаны мақұлдап, нысандардың ортақ ауданы 7300 шаршы метрді құрайтын болады деп шешілді. 1000 шаршы метр аймақты алатын дельфинарий 750 көрерменді, ал мұз аренасы 900 адамды сыйдыруы тиіс болатын.
15. “Барахолканы” қолдаушылардың есімін анықтау
Алматы әкімі 2013 жылдың қарашасында өткен брифингте “барахолканы” қолдаушылардың кім екендерін міндетті түрде анықтауға уәде берген.
“Бұл аймақты тұрғындарға таратып, ақша алып отырған директорлар бар. Ұйымдастырушылары, оның ішінде Астанада жүргендері де бар. Мен олар БАҚ-пен жұмысын тоқтатпаса, көпшілікті шағыстыруын қоймаса, есімдерін жария етемін деп мәлімдеймін. Айтпақшы, олар өте танымал адамдар”, – деп мәлімдеді Есімов.

http://alashainasy.kz/tuit/ahmetjan-esmovtn-oryindalmagan-15-uades-72346/

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз