Н.Назарбаев «Қазақфильм» киностудиясында «Қазақ Елі» сериалының түсірілім алаңын тамашалады

1
93

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақфильм» киностудиясына барды. Онда Елбасы киностудия қызметімен, оның жаңа жобаларымен және киноөндіріс үдерісімен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, «Қазақ Елі» сериалының түсірілім алаңын көріп, шығармашылық топпен әңгімелесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тәуелсіз Қазақстанның пайда болуы туралы баяндайтын, жұмыс барысындағы бастапқы атауы «Так сложились звезды» деп аталатын фильм түсірілімі жүріп жатқан алаңда болды.

«Қазақфильм» – республикамыздың жаңғыртудан кейін сапалы киноөнімдер шығару мүмкіндіктері арта түскен басты киноөндіріс алаңы.
http://www.inform.kz/kaz/article/2806047

1 Пікір

  1. Бұл жобаны ел басы өзі бақыламаса, тағыда ақшаның қайда кеткенін білмей қалармыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз