Елімізде теңге ілуден Азия чемпионаты мен асау үйретуден республикалық турнир өтеді

1
119

АСТАНА. ҚазАқпарат – Тамыз айының 30-ы күні Астана қаласында орналасқан «Қазанат» атшабарында қазақтың ұлттық ойыны – теңге ілуден І ашық Азия чемпионаты өтеді.
Дүбірлі доданы «Нұр Отан» партиясы қолдап, «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры демеушілік етеді.

Аталмыш ауқымды шараға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан қатарлы он шақты республика спортшылары бақ сынайды деп күтілуде.

Сондай-ақ теңге ілу сайысымен қатар жүген-құрық тимеген шу асауды ер-тоқым салмай, жүген-құрықсыз жайдақ мініп, бастықтыру жарысы өтпек. Бұл жарыс еліміздің ұлттық спорт тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Асау үйретуге әзірге әр облыстан бір-бір үміткер қатысады, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.
http://www.inform.kz/kaz/article/2805906

1 Пікір

  1. Ұлттық спорт жанданып келеді. Ұлттық спорт көтерілсе ұлт рухы көтеріледі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз