Баян Есентаева өз қызын әнші жасай алмапты….

0
952

3

Қазіргі қазақ эстрадасында, шоу-бизнес саласында жүрген жастарға аға буын тарапынан көптеген сын айтылып жатады. «Даусы жоқ болса да ақшасына, жылтыраған түр-келбетіне, аға-көкелеріне сеніп, мықты продюсерлердің арқасында сахнада тайраңдап жүр» деген секілді сыни пікірлерді жиі естіп қаламыз. Мұндай сынның айтылуына себеп те жоқ емес.

«Кірпі баласын жұмсағым» дер демекші, шоу-бизнес саласында жүрген жандардың ішінде өз баласының қарым-қабілетін басқалардан жоғары қоятындары да жетерлік. Алайда қазақстандық белгілі продюсер, қазақ шоу-бизнес әлемінің патшайымы Баян Есентаева ханым, әншілік дарыны болмаса кез келген келбетті жігіт пен қыздардан әнші жасау мүмкін еместігін айтады. Сондықтан да болар осы уақытқа дейін қаншама жас қыздан «жұлдыз» жасаған белгілі продюсер өз туған қыздарын әнші ретінде сахнаға шығаруға құлшынған емес.

Жақында Баян Есентаева өзінің инстаграм парақшасына қызы Айсәуле Бақытбектің фотосын салып, төменгі жағына мынандай пікір білдірген еді: «Менің балаларымның ән айта алмайтындығына өкінемін. Олардан мықты әнші шығатынын білсем, мен балаларыма 1000 пайыз сеніп, олар үшін ештеңеден аянбас едім» дейді Баян ханым.

Есентаеваның бұл пікіріне оқырмандары да өз ойларын білдіріпті. Кейбіреулер Баян ханымға: «Өз қыздарыңыздың әншілік қыры жоқ екенін мойындағаныңызға шүкір, әйтпесе өз балаларынан басқаны мойындамайтын, дарыны болмаса да сахнаға шығаруға барын салатындар бар» десіп жатты.

Баян Есентаеваның Айсәуле және Айару атты екі қызы бар. Осы уақытқа дейін Айсәуле тележүргізушілік, Айару аспаздық қызынан көпшілікке танылып үлгерді. Ең бастысы, Баянның қыздарына тиісті дәрежеде тәрбие беріп, оларға қашанда қолдау білдіріп отыратыны жұртшылыққа аян.

http://alashainasy.kz/culture/bayan-esentaeva-oz-kyizyin-ansh-jasay-almaptyi-72362/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз