Автобус жолағымен жүрген көлік жүргізушілері бүгіннен бастап әкімшілік жазаға тартылады.
Жол ережесін бұзған көлік иелеріне 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл шамамен 10 мың теңге. «Бас лэйн» жобасы Астана қаласында өткен айдың 26-ында іске қосылған болатын. Оның аясында Бауыржан Момышұлы мен Бөгенбай батыр даңғылдарында қоғамдық көліктің жүруіне арналған сары жолақтар пайда болды. Қазір сол жолдармен 28 бағыттың автобустары жүреді. Жыл соңына дейін елорданың сол жағалауында да осындай жолақтар енгізу жоспарланып отыр.
Бақытжан Алтыбай, Астана қаласы ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
– Ол жерге басқа көліктің кіруіне рұқсаты жоқ. Тек қана арнайы мекемелер, мысалы полиция қызметкерлері, өрт сөндіру қызметкерлері, медициналық қызметкерлерге жедел кетіп бара жатқан кезде сол жолақпен жүруге рұқсат беріледі. Ал басқа уақытта оларға да ол жермен жүруге рұқсат берілмейді. Ол – тек қана жолаушылар көлігіне арналған жолақ.
http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/78244-ajypp-l-salynady