Алдағы сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні метеориттер аспаннан ағып түседі

1
92

Алдағы сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні ғаламшарымыздың барша тұрғындары аспан әлемінің ерекше құбылысын бақылай алады. Түн қараңғысы сұйылып, таңсәріге таяғанда жүздеген майда жұлдыздар, яғни метеориттер аспаннан ағып түседі.

Бұл кезде секундына 20 шақырым жылдамдықпен жердің ауа қабатына ұшып кіретін метеориттер лезде өздігінен жойылып, соңдарына құйрықты жұлдыздай із қалдырып кетеді екен. Жыл сайын қайталанатын бұл табиғат құбылысы әдетте күн жарықта болатындықтан, адам көзіне көріне бермейді екен. Ал бұл жолғы ғажайып сәтті күллі адамзат түн мезгілінде тамашалауға мүмкіндік алып отыр.

ktk.kz

http://alashainasy.kz/alash/aldagyi-sarsenbden-beysenbge-karagan-tun-meteoritter-aspannan-agyip-tused-72378/

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз