«Қазақфильм» жаңа көркем фильмге түсу үшін бақ сынауға шақырады

1
61

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ толықметражды жаңа көркем фильмге түсуге кастинг жариялайды, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметінен.
«Руслан» деген жұмыстық атаумен тіркелген фильмге түсуге қазақ тілінде еркін сөйлейтін 20-25 жас аралығындағы жігіттер мен 50 жастан асқан ер адамдар қажет. Бағын сынап көргісі келетіндері Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылы бойынша орналасқан «Қазақфильм» киностудиясына өтініш білдіруі керек. Сондай-ақ аты-жөні, туған жылы және басқа да мәліметтері көрсетілген мәліметтер мен фотосуреттерін [email protected] электронды мекен-жайына жіберуіне болады», делінген хабарламада.
http://www.inform.kz/kaz/article/2806302

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз