Серік Ахметов туралы жалған ақпарат таратқаны үшін айыпталушыға сот үкімі шықты

0
630

4

АСТАНА. ҚазАқпарат – Т. Рысқұлов атындағы ауданның соты бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің қайтыс болғаны жайлы жалған ақпарат таратқан күдіктіге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, биылғы жылы қыста Т.Рысқұлов ауданының Көгершін ауылының 25 жасар тұрғыны Жандос Байшеміров «Вконтакте» әлеуметтік желісінің мобильді нұсқасы арқылы жалған аккаунттан (ұялы телефон арқылы) «Бүгін С.Ахметовтің мүрдесі табылды» деген тақырыппен әдейі жалған ақпарат таратқан. Оның мазмұны былай болған: «Қазір ғана Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Астана уақыты бойынша сағат 12.45-те бұрынғы қорғаныс министрі С.Ахметовтің Қарағандыдағы өз үйінен денесі табылғаны туралы хабарлады…».

Басты сот отырысында ҚР Қылмыстық Кодексінің 274 бабының 2 б. 3 т. (ақпараттық-коммуникациялық желі құралдарын пайдаланумен әдейі жалған ақпарат тарату) қарастырылған қылмысты жасады деген айыппен сот алдында жауап беріп, өз кінәсін толық мойындады. Сотталушы Ж.Байшеміровтің кінәсі басты сот отырысы барысында зерттелген дәлелдермен расталды.

Жаза түрі мен көлемін анықтауда сот ҚР ҚК 52 бабының негізінде жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәлі тұлғаның жеке басын, оның ішінде қылмысты жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды, сондай-ақ белгіленген жазаның сотталушының түзелуіне және оның өміріне ықпалын ескерді.

Сотталушының жеке басын және келтірілген зиянның болмауын ескерумен қылмыс орташа дәрежедегі ауырлық санатына жатқызылды.

Т.Рысқұлов атындағы ауданның соты Жандос Байшеміровті ҚР ҚК 274 б. 2 б. 3 т. қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп тауып, оған 1 982 000 теңге сомасында, яғни 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу жазасын тағайындады.

«Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы өзгертілді. Соттталушы сот залынан босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
http://www.inform.kz/kaz/article/2806284

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз