Роза Рымбаева БЖЗҚ-дан неліктен өз атында екі шот ашылғанын түсіндіруді сұрады

1
119

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан эстрадасының аңызға айналған әншісі ‪Роза ‪Рымбаева Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорына келіп кетті.
Атақты әншінің бас кеңсеге бас сұғуы салымшылар арасында біраз толқу тудырды.

Роза Қуанышқызы операциялық бөлмеде маманмен кеңес жүргізіп жатқанда жұлдызбен суретке түсуге және оның қолтаңбасын алуға ниет білдірген адамдар фойеде кезекке турып жатты.

БЖЗҚ қызметкерлерінің айтуынша, қор деректерінде әншінің атында екі жеке шот ашылған екен.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларына үнемі қамқорлық көрсетеді, сол үшін көп рахмет. Барлық қазақстандықтар бір қорда екендігімізді қолдаймын. Қордың мамандары өз ісінің майталмандары болып табылады. Осы күнге дейін менің атымда екі шот болыпты. Ол туралы жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары маған хабарлаған жоқ. Ал, БЖЗҚ жарайсыңдар! Мен өз жинақтарым үшін уайымдамаймын», – деді Роза Қуанышқызы.

Кетер алдында ол БЖЗҚ ‪салымшыларына зор денсаулық тіледі, сондай-ақ өз болашақтарына жауапты болу керектігін айтты.

«Сіз өз ескі электрондық поштаңызды ауыстырған болсаңыз, тұрғылықты жеріңізді, тегіңізді өзгерткен болсаңыз, міндетті түрде қорды хабардар етіңіз», – деп кеңес берді әнші.

Автор: Гүлмира Ғосманәли

http://www.inform.kz/kaz/article/2806414

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз