Қылмысты қысыммен мойындатпақ болған экс-полицейлер сотталды

0
465

Қостанайда қылмысты мойындатамын деп бірнеше рет қысым көрсеткен бұрынғы полицейлер 3 жылға сотталды деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

1

Бүгін, 12 тамызда Қостанай қаласының №2 соты полиция аға лейтенанттары, Қостанай облысы ІІД Оңтүстік полиция бөлімінің төтенше уәкілдері 1989 жылы туылған Берік Рүстемов пен 1990 жылы дүниеге келген Ерсін Мұсатовқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды.

Олар Қылмыстық кодекстің 146 бабының 2 бөлімі 1 тармағымен қарастырылған (бірнеше мәрте адамға қысым жасау) қылмысты жасауда айыпты деп танылған.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Рүстемов Мұсатовпен алдын ала сөз байласу арқылы екі жәбірленушіні ұстап, оларды 2014-2015 жылдар аралығында Қостанай қаласы аумағында автокөліктер аккумуляторларының ұрлығын мойындауға мәжбүрлеп, қысым жасаған.

«Сотталушыларға жалпы тәртіптегі түзету колониясында 3 жылға бас бостандығынан айыру және 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп хабарлады соттан.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұрынғы полиция қызметкерлері аға лейтенант арнайы шенінен айырылып, сот залында тұтқындалды.
Источник: ИА «Новости-Казахстан»
http://www.nur.kz/kk/851304-qostanayda-qylmysty-qysymmen-moyynd.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз