Қытайдың Тяньцзинь қаласында қуатты жарылыс болды

0
470

Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласындағы Бинхай ауданында қуатты жарылыс болып, 42 адам ажал құшып 400 адам зардап шеккен.

5

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс дүмпуінен бірқатар тұрғын үйлердің әйнектері сынған. Жарылыс болған ауданда ірі өрт шықты.

Қауіпті заттары бар контейнердің жарылуынан болған өртті өшіруге 100-ге жуық өрт сөндіру көлігі жіберілді, деп хабарлайды CCTV телеарнасы.

Логистикалық компанияға тиесілі қауіпті заттары бар контейнер сәрсенбі күні сағат 23.30 шамасында екі рет қатарынан жарылған. Жарылыс салдарынан көптеген тұрғын үйлер, көліктер зардап шеккен.

Оқиға салдарынан 42 адам ажал құшқан. People’s Daily басылымы 300-400 адамның зардап шеккенін хабарлауда.

Источник: ИА «Казинформ»
http://www.nur.kz/kk/851740-qytaydynh-tyanczin-qalasynda-quatty.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз