Бәрінен құтқарады

0
368

Сену қиын, бірақ тексеріп көруге болады. Мен өте сирек кездесетін бір емді білем. Бұл ем көптеген дерттен айықтырады. Кездейсоқ біліп қалдым. Құрбым екеуміз косметиканың көрмесіне барған едік. Күні бойы араладық. Бізге бәрі қызықты еді. Шаршаған кезде шәй ішіп, демалып алайық дедік. Құрбым сөмкесінен термосын шығарды. Отырмыз. Қасымызға бір әйел келіп отырды. Құрбым оған шәй ұсынды. Ол қуана келісті. Әңгіме-дүкен құрып отырдық. Ол әйел бізге былай деді: «Қыздар, сондай жассыңдар, сендерге бояудың не керегі бар?» Біз таң қалдық. «Жас емеспіз ғой. Неше түрлімен ауырамыз». Немен ауыратынымызды айтып үлгерместен, ол бізге бәрін өзі айтты. «Сенде – қаназдық, ал сенде – ұйқы безі дұрыс жасамайды». Аузымыз ашылды. «Қалай білдіңіз?» дейміз. Ол: «Тілдеріңе қарап» деді. Ал, біз бутерброд жеп отыр едік.
Айтуынша ол Воронежден келіпті, емші екен. Енді немен емделсек болады деп сұрадық. Ол жақында Қытайда болғанын айтты. Ресейде оның бір бүйрегін алып тастау туралы шешімге келген екен. Ал, қытайлар таңертең сарымсақ соруды тағайындапты. Ағза өзі қалыбына келеді депті.

Күнде таңертең тұрғанда адам аузы «қоқысқа» айналып тұрады. Сарымсақтың бір талын кесіп, соның бір тілігін аузыңа салып сору керек. Жарты сағат. Сарымсақтың уыты сілекеймен бірге қанға өтеді. Тамыр мен лимфаны тазартады. Ауыз қуысын емдейді, қызылиектің қанауы тоқтайды. Бірақ шырыштың қабынуынан сақтану үшін аз-аздан бастаған абзал. Алдымен, бір талын бір-ақ сормай, содан бір кесіп алып тістеу керек. Дымы қалмаған сәтте түкіріп тастайсыз. Иісі шықпау үшін таңғы ас ішу керек. Тісті содан соң шайған дұрыс. Кофенің дәнін шайнаса, иістен дым қалмайды. Немесе ақжелкеннің бір талын тіске басыңыз.
Емші бізге Ванганың сөзін еске салды: «Жер бетінде сарымсақ болса, адам да өмір сүреді». Көп адам сарымсақты мөлшерден көп жеу пайдалы деп ойлайды. Бірақ ол асқазанға ауыр. Ал, ауызға салып сорған сарымсақ асқазанға түспейді. Бірден қанға өтеді. Бұл емді еш жерден кездестірген емеспін деді. Өте пайдалы екен. Тек арасын үзбеу керек. Дертің жазылғанша сора беру керек. Тұмаудан жақсы қорғайды. Денсаулығына мән берген адам өмірін күрт өзгертуге дайын болсын. Зиянды әдеттерден бас тартуға тура келеді. Темекі, ішімдік, артық тамақ ішуден тыйылсын. Сонда сарымсақтың әсері тез білінеді.
Мен бұл емге бірден сендім. Қаназдық бар еді. Қан толтыратын дәріні көп ішетінмін. Бәрін доғардым да сарымсақ соруды әдет қылдым. Бір айдан соң қан тапсырып, тексерттім. Гемоглобин 120 көрсеткенде таң қалғанымды көрсеңдер. Бұған дейін 86 артық көтерілген емес. Сосын бүйректі УДЗ-дан өткіздім. Пиелонефрит жазылыпты. Бронхитпен ауыратын құрбыма айттым. Жөтелден құтылу үшін ол да сарымсақ соруға көшті. Біраз уақыттан соң жөтелі басылды. Ерні көгеріп кететін, сонысы да қойды. Күйеуінің бүйрегінде тас бар еді. Сарымсақтан соң несеп тазарып, бүйрегіндегі тас өзі түсті. Терісі тазарды.
Адам өзі сеніп, осы емге тиянақтылық танытса, көптеген мазалаған дерттерінен айыға алады.
Жазып алған Илья КЕЙТЛИН
Аударған Шынар Әбілдә
facebook парақшасынан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз