Қазақ пен қырғыз арасында кедендік кедергі енді жоқ. Отандық сарапшылар екі ел арасындағы етене жақындықты өздерінше болжауда деп хабарлайды КТК арнасы.
Фото: azattyq.org
Экономистердің айтуынша, енді ішкі нарықты қырғыздың арзан ауылшаруашылығы өнімдері мен киім-кешегі жаулап алады. Ал туристер Алакөлге емес, Ыстықкөлге ағылады.
«Киім-кешек жағына келетін болсақ, біздің базарларымыздың бәріндегі киім-кешек сол Қырғызстанның базарларынан, терминалдарынан алынған. Ол да бізге жеңілдейді. Айналып келген кезде өзіміздің жаңа көтеріліп келе жатқан тігін, жеңіл өнеркәсіпке қиындық тудыруы мүмкін», — дейді экономика ғылымдарының кандидаты Жангелді Шымшықов.
Енді біздің бизнесмендерге қырғыздың арзан тауарының көлеңкесінде қалып қоймау үшін өздерін қамшылауға тура келеді. Ал Қырғызстаннан арзан көлік қаптайды деп алаңдауға негіз жоқ дейді сарапшылар.
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болғандықтан енді біз де шет елдерден еш қиындықсыз темір тұлпар тасмалдай аламыз.
Әзірге мұның бәрі болжам. Бір туған елдердің бүгіннен кейінгі қарым-қатынасының нәтижесін уақыт көрсетеді.
Еске сала кетсек, кеше, 12 тамызда Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі атанды. Сондай-ақ, Қазақ-қырғыз шекарасында бақылаудың 14 түрі алынып тасталды.
Источник: КТК арнасы
http://www.nur.kz/kk/851666-turister-alakolge-emes-ystyqkolge-agh.html