Астананың көрікті жерлеріне “фотосаяхат” (фото)

0
799

Елордамыздың көз тартарлық көріністерін тамашалағыңыз келсе, бұл “фотосаяхат” сізге арналған. Астананың ең көрнекті жерлерін 24.kz сайты тізбектеп, назарларыңызға ұсынады.

астана1

астана2

астана3

Есілдің жағасы. Мұнда барлығы – жастар, зейнеткерлер, бір-біріне ғашық жандар, спортшылар, музыканттар, балықшылар, туристер келеді. Жағалауда көз тартатын көріністерді тамашалап, суретке түсіп, Есілде шағын кемемен жүзуге болады.

астана4 байтерек

«Бәйтерек» монументі Астананың жергілікті тұрғындарының өзі ешқашан көрмеген немесе оған өзге қалалардан келген туыстарын қыдырту үшін өмірлерінде «бір-ақ рет барған» деген пікір қалыптасқан.

астана5 байтерек

астана6 байтерек

«Бәйтерек» монументі – мегаполистің ең басты көрнекті орындарының бірі. 1997 жылы ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшірудің символы ретінде елбасының бастамасымен салынған.

астана7 ханшатыр

астана8 ханшатыр

«Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығы әлемдегі ең үлкен шатыр ретінде белгілі. Бұл жерде көптеген бутик, мейрамхана, дәмхана, кинотеатр, балалар алаңы, тіпті жағажайға дейін бар.

астана9пирамида

Халық арасында «пирамида» аталып кеткен Бейбітшілік және Келісім сарайы Әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайын өткізу үшін арнайы салынған.

астана10 думан

«Думан» сауық орталығының океанариумы мұхиттан 3000 шақырымда орналасқан.

Соған қарамастан, келушілер көк айдынды мұхиттағы көптеген экзотикалық балықтар, теңіз тасбақалары, жұлдызшалары мен т.б. қызықтай алады.

астана11цирк

Балаларыңыз немесе өзіңіз акробат, клоундар мен үйретілген жануарларды қызықтамақ болсаңыздар, астаналық цирктің есігі сіздер үшін айқара ашық.

астана12 мангилик ел

астана13

Қаланың енді ғана бой көтеріп келе жатқан бөлігінен Қазақстандағы ең алғашқы Салтанатты арка – «Мәңгілік Елді» көруге болады. Ол Орынбор мен № 25 көшелер қиылысында орналасқан. Биіктігі – 21, 5 м, ені – 13 м.

астана14 музей

Қазақстанның Ұлттық музейі. Сіз бұл жерден өлкеміздің тек өткені ғана емес, келешегі туралы да біле аласыз.

астана15

Астананың тағы бір архитектуралық «маржаны» – Әзірет Сұлтан мешіті.

астана16мешит

астана17 бульвар

«Нұржол» бульвары Астананың сол жағалауындағы «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығынан бастау алып, Ақордаға дейін алып барады.

Бұл жер – Қазақстан астанасының ерекше орындарының бірі. Мұнда әдемі әуенге «мың бұралып билеген» фонтандар мен көкке бой созған бизнес орталықтар бар.

астана18театр опера

Ал шынайы өнерсүйер қауым үшін «Астана Опера» опера және балет театрының зәулім ғимараты қонақтарын әрқашан асыға күтеді.

Дереккөз: 24.kz
http://www.nur.kz/kk/852107-atsanagha-fotosayakhat-foto.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз