Жарылыстан тірі қалған адам табылды

0
438

Жұма күні құтқарушылар Қытай шығысының Тяньцзинь қаласындағы қоймада болған жарылыстан кейін тірі қалған бір адамды үйіндінің астынан алып шықты.

жарылыс

Сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:30-да қаланың өнеркәсіп аймағында толқыны бірнеше шақырым жерде сезілген күшті жарылыс болды. Шамамен жарты минуттан соң екіншісі орын алған.

Жарылыс салдарынан кем дегенде 50 адам қаза тауып, түрлі жарақаттар алған тағы 700-і ауруханаға жеткізілді.

Жұма күні қалалық билік өкілдері болған оқиғаны тергеп жатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды Би-би-си.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз