БАБАЛАР СӨЗІ: Тарбағатай тауы туралы аңыз

0
691

4

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.

***

Ертеде осы тауды қазақ жерін жаулап алған қалмақтар мекен етіпті. Бірақ түнделікті бұл жер дамылдауға, қоныс қылуға өте жайсыз екен. Қаптаған суыр түні бойы ащы дауыстарымен шаңқылдап маза бермепті. Қалмақтар суырды «тарбыға», ал тауды «тай» деп атайды екен. Сонан осы биікті «Суырлытау» яғни «Тарбағатай» деп атап кетеді. Таудың осы атауы күні бүгінге дейін сол қалпында сақталған.

http://www.inform.kz/kaz/article/2807206

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз