Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің тәртібінің бірыңғай стандарттары жасалды, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.
Астанада жұмада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төраға орынбасары Әлік Ішпекбаев семинар-тренингте қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасының жобасы және этика бойынша құзіреттілер туралы ережелер әзірленгенін айтты.
“Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасының жүйесі “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңнан, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексінен және қызметтік этиканың ведомстволық ережелерінен тұрады. Бүгінде әрбір мемлекеттік органда қызметтік этиканың ведомстволық ережесі Кодекстегі қағидаларды қайталайды”, – делінген хабарламада.
Ведомстводан атап көрсеткендей, жаңа этикалық кодекстің стандарттары мемлекеттік қызметкерлердің жағдаяттардағы әдебінің формаларын кеңейтіп, қоршаған ортамен мүдделер қайшылығы туған жағдайда әдебін нақтылай түседі және жүйелендіріледі.
“Осылайша әдеп стандарты жаңа сапалы деңгейге көтеріліп жатыр әрі мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру үстінде. Этикалық кодексті қолдаудың тиімді механизмі — “этика жөніндегі құзыреттілер”. Болуы мүмкін мүдделер қайшылығы мен өзге де этикалық мәндегі проблемалар туған жағдайда қызметкерлер мен олармен байланысатын азаматтар осы құзыретті адамдарға кеңес сұрап барады”, – деп атап көрсетілген хабарламада.
Этика жөніндегі құзыретті адамның қызметіне келесілер жатады: этикалық нормалардың бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметкерлерге этикалық нормаларды қолдану, құқықтарды қорғау және мемлекеттік қызметкерлердің мүддесін қорғау бойынша кеңес беру, ұжымда қуанышты моральдық-психологиялық көңіл-күй орнату.