Джинсы кигені үшін студент қызды қамшымен сабады

1
358

Судан еліндегі Хартум қаласының соты 19 жастағы Фартос Әл-Тумды джинсы шалбарын кигені үшін қамшымен 20 рет сабау жазасына кесті.

ris_1

Оның қорғаушысының айтуынша, бойжеткен 25 маусымда жергілікті шіркеуге жақын жерде ұсталған. Заңға сүйенген судья осындай киім кию әдепке жатпайды деген шешім шығарды.

Бұдан басқа, Әл-Тумға 500 судан фунты (шамамен 82 доллар) көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді.

Әл-Тумға қолдау білдіру үшін Amnesty International құқық қорғаушылары ғаламторда Судан билігіне арнаған үндеудің астына адамдардың қолдарын жинай бастады.

Қазіргі кезде петицияға 40 мыңнан астам адам қол қойған.

Дереккөз: ИА «Казинформ»
http://www.nur.kz/kk/854750-sudanda-dzhinsy-kigeni-ushin-student-qy.html

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз