Бір топ еркек қоғамдық орында әйелді зорлаған

0
545

Маңғыстау облыстық ІІД қызметкерлері 4 адамды «топ болып әйел зорлады» деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Bnews.kz.

1d37f25bbe_155771

Белгілі болғандай, тамыздың 14-і күні түскі 15:00 шамасында ішімдікке сылқия тойып алған үш Өзбекстан азаматы мен бір жергілікті тұрғын мас келіншекті қоғамдық орында зорлаған. Қылмыстық оқиғаға куә болған тұрғындар дереу полицияға хабарлаған.

«Біз оқиға орнына келгенде жәбірленуші құсып жатты. Сосын ол бізге жанында отырған еркекті қамауға алуымызды өтінді. Біз оны дереу тұтқындадық, қашып кеткен үш азаматты «Ардагер» сауда орталығының жанында қолға түсірдік», – дейді полиция аға лейтенанты Ерғали Ысқақов.

Қазіргі таңда күдіктілер мен жәбірленуші наркологиялық тексерістен өтіп жатыр. Күдікті азаматтардың үстінен Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-тармағы (топ болып зорлық жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары күдіктілердің кінәсін дәлелдеген жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтады.

Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас

http://www.nur.kz/kk/854883-manhghystau-oblysynda-bir-top-erkek-qogh.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз