Өкпе, наз бен жанайқай!

0
898

 

Сабыржан Тайфин

Бисмилләһир рахманир рахим.

8

(Қостанай жамағаттарына) Құрметті Қостанай жамағаттары, менің Сіздерге айтайын дегенім, 30. 07. 2015. күні Ақтолқын Жәнібекова деген жәбірленушінің қаламыздағы мамандырылған әкімшілік сотында болғанымызда, Қазақ тілінің тілеуін тілеп, өте аз ғана адам қатыстық. Жәбірленуші Ақтолқын Жәнібекованы жақтап сотқа қатысушылар, көлігімен әрлі – берлі тасып, қызы үшін шыр – пыр болып жүрген зейнеткер әкесі Намиал ақсақал. Заңгер, Мұрат Қаратаев. «Қазақ елі» газетінің тілшісі, Төлен Рамазанұлы. Қалғандары өз кәсіби қызметі үшін, үкімет пен билікке бағынышты «Егемен» газетінің тілшісі Назира Жарімбетова. Сосын тәуелсіз 31. kz. теле арнасының тілшісі, Нина Шаппо деген қарындас, операторымен бірге келді. Тілші мен журналистерді, төртінші биліктің өкілдері деп есептейтін болсақ, сонда қара халықтан мен ғана барған болып тұрмын ғой. Оның өзінде Қостанайдан емес, Рудный қаласынан барып тұрмын. Сонда қалған Қостанайлық жамағаттарымыз қайда? Қазақ тілінің мәселесі, Қостанайдың жергілікті тұрғындарын ойландырмай ма? Қазақ тілінің шырқыраған жаны, Қостанайдағы ақын – жазушылардың бастарын ауыртпай ма? «Қазақ тілі» басқармасынан алған хабарымыз, «Сотқа келіп қатысуға еш себеп жоқ екен. Бұл біздің айналысатын мәселеміз емес екен» – деп, сотқа келуден бас тартыпты. Басқармадағылар «Қазақ тілінің» нанын жесе де, қамын жей алмағаны дұрыс болмаған екен. Сонда да мемлекетіміздегі ұлттық тілдің мәселесі туралы іс сотта қаралып жатқанда, «Қазақ тілі» басқармасынан бір қызметкер келіп, жәй тыңдаушы ретінде қатысуына болмай ма? Ал облысымыздың беделді баспасөзі «Қостанай таңы» газеті мен жергілікті «Қазақстан – Қостанай» теле арнасына, сол күні сотқа келмейтіндей не нәрсе кедергі болған? Расын айту керек, «Қостанай таңы» газетінің бір жақсы жаңалығы бар. Облысымыздағы Ішкі Істер Басқармасынан, «Қостанай таңы» газетінің сұрауы бойынша, жәбірленуші Ақтолқын Жанібекованың арыз шағымын қарап, жол полициясы бөлімінде қызметтік тергеу жүргіздік. Жол полициясы қызметкері, қаулыны мемлекеттік тілде толтырмауына байланысты, сержант Досмаиловтың айыпты екені анықталып, оған тәртіптік шара қолдандық» деген жауап хатын алғанын 30. 07. 2015. күні газетіне жариялаған. Ішкі Істер Басқармасынан 28. 07. 2015. күні осындай жауап хатын алып тұрып, «Қостанай таңы» газетінің тілшілері, сол 30. 07. 2015. күні жәбірленуші Ақтолқын Жәнібекованың сотына келуге неге тайсақтаған? Сосын сотта судя болған, А. Айткужинов мырза туралы бірер сөз. Судя Айткужинов мырзаның, жол полициясы басқармасына өзінің транспорты үшін, 204 615 теңгедей төлемеген қарызы бар екені туралы ақпаратты, еліміздегі интернет порталдары енді ғана жаһанға жариялап, жарыса жазып отыр. Сотта төрелік айтушы судя А. Айткужинов мырза өз транспорты үшін, жол полициясы басқармасына өзі қарыздар бола тұрып, қалайша әділеттілік жасап, тура шешім айта алады? Елімізде Елбасы Н. Назарбаев басқаратын, халықтық – демократиялық «Нұр – Отан» партиясы ше? Қазақстан Республикасында Конституциялық құқығы аяқ астына тапталып, қор болып отырған жәбірленуші Ақтолқын Жәнібекованың өздеріне жазған арыз шағымын талқылап, дұрыс бұрысын айтуға, қалалық «Нұр – Отан» партиясы кімнен және кімдерден жасқанып отыр?

8.1

Құрметті Қостанайлық жамағаттар шынымды айтсам, менде Сіздер сияқты үкімет пен биліктен қорқамын. Менің де жаным екеу емес. Бірақ, «Қазақ тілінің» мәселесі туралы іс соттың ортасына түсіп, тағдыры талқыланып шешімі шығарылып жатқанда, біз баршамыз болып, үйде осылай бұғып қозғалмай тып – тыныш қана жата берсек, бүйткен жанымыздың құны келешек ұрпақтардың алдында көк тиын болып қалмай ма? Бұған Сіздер не дейсіздер, құрметті Қостанай жамағаттары?

Сабыржан Тайфин. Рудный қаласы. 01. 08. 2015.

Facebook парақшасынан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз